Accessibility links

Ақтөбе тұрғынын "Ресейде теракт жасауға шақырғаны" үшін соттап жатыр


Ақтөбе әкімшілік соты (Көрнекі сурет).
Ақтөбе әкімшілік соты (Көрнекі сурет).

Ақтөбе сотында "Ресейде теракт жасауға шақырған" күдікті исламшылға қатысты сот өтіп жатыр. Ақтөбе қалалық сотының хабарлауынша, А.Х.Абдраевқа "терроризмді насихаттады немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақырды" деген айып тағылған.

Тергеу материалдары бойынша, Ақтөбе тұрғыны биыл наурызда екі танысының "дүниетанымы мен көзқарастарына ықпал ету үшін" "Ресейдің Сириядағы терроризмге қарсы операцияларына бірнеше рет наразылығын білдіріп, Ресейде теракт жасауға шақырған".

Соттың баспасөз қызметі Абдраев айыпты деп танылған жағдайда бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG