Accessibility links

Балуан Сыздықова Риода қола алды


Эльмира Сыздықова Рио олимпиадасында қола жүлде үшін белдесуін жеңген сәт. 17 тамыз 2016 жыл

Эльмира Сыздықова Рио олимпиадасында қола жүлде үшін белдесуін жеңген сәт. 17 тамыз 2016 жыл

Әйелдер күресінен 69 килограмда белдескен қазақстандық Эльмира Сыздықова Рио олимпиадасында қола медаль алды.

Ол алғашқы кездесуде ресейлік Наталья Воробьевадан жеңіліп қалған. Ал Ресей спортшысы финалға шығып, Сыздықова жұбаныш кездесуін өткізуге мүмкіндік алды. Сыздықова алдымен Очирбатин Насамбурманы 3:2 есебімен жеңді. Қолаға таласта египеттік Енас Мустафадан басым түсті -7:4.

Қазір Қазақстан олимпиада құрамасы үш алтын, үш күміс, алты қола медальмен жалпы есепте 17-орында келеді.

18 тамызда бокстан 69 килограмда Данияр Елеусінов олимпиада чемпионы атанған еді. Бұған дейін ауыр атлетикадан Нижат Рахимов пен жүзуден Дмитрий Баландин алтын жүлде алған. Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика) мен Елдос Сметов (дзюдо) күміс медаль еншілеген. Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо), Карина Горичева мен Фархад Харки (екеуі де - ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) қола медаль иеленген.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG