Accessibility links

AIBA олимпиададан шеттетілген төрешілердің есімін жариялады


Василий Левит пен Евгений Тищенко арасындағы кездесуден көрініс.

Василий Левит пен Евгений Тищенко арасындағы кездесуден көрініс.

Халықаралық әуесқой бокс федерациясы Рио олимпиадасында төрелік етуден шеттетілген төрешілердің аты-жөнін жариялады.

Риода жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, шеттетілген төрешілердің қатарында қазақстандық Рахымжан Рысбаев та бар.

Бұған қоса қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко кездесуінде жұмыс істеген Хейра Сиди Якуб (Алжир), Майкл Галлахер (Ирландия) және Херардо Погги (Аргентина) да олимпиададан шеттетілген. Мариуш Горний (Польша), Владислав Малышев (Ресей) және Мик Бэйси (Ұлыбритания) де Риодағы олимпиадада жұмыс істемейді.

15 тамызда өткен финалда төрешілер шешімімен ресейлік Тищенко Қазақстан боксшысы Василий Левитті жеңген. Финалдан соң жанкүйерлер, халықаралық басылымдар мен бокс сарапшылары төрешілер шешіміне наразы болып, дау туған. Олар финалда Левит айқын жеңгенін айтып, төрешілер шешімі қате болғанын сынаған.

Ал кейін Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) Рио олимпиадасында өткен 239 кездесуді cараптап, кейбір нәтижелердің талапқа сай болмағанын мәлімдеген. Ұйым кейбір төрешілердің олимпиадада төрелік ету құқығынан айырылғанын, бірақ кездесу нәтижелері өзгермейтінін де хабарлады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG