Accessibility links

Ердоған Ресейдің Қырымды аннексиялауын мойындамауға уәде берген


Түркия президенті Режеп Ердоған (оң жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко. Анкара, 9 наурыз 2016 жыл.

Түркия президенті Режеп Ердоған (оң жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко. Анкара, 9 наурыз 2016 жыл.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Петр Порошенкомен сенбі күні телефонмен сөйлескенде Анкара Ресейдің Қырымды аннексия жасап алуын мойындамайтынын және түбектегі Қырым татарларына қолдауын жалғастыра беретінін мәлімдеген. Бұл туралы ақпарат Украина президентінің сайтында жарияланды.

Өз кезегінде Порошенко 16 шілдеде мемлекеттік төңкеріс әрекеті жасалған Түркияның заңды билігі – президенті мен түрік үкіметіне Украинаның қолдау білдіретінін қуаттаған. Бұған дейін екі президент шілдеде Варшавада өткен НАТО саммиті кезінде аймақтық қауіпсіздік саласы бойынша ынтымақтастық орнату туралы келісімге келген.

Былтыр қарашада ресейлік Су-24 әскери ұшағы түрік-сирия шекарасында атып түсірілгелі бері Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынас алғаш рет жақсара басталған. Биыл тамыз айында Ердоған Санкт-Петербургте Ресей президенті Владимир Путинмен кездескеннен кейін Түркия Ресеймен қорғаныс саласындағы әріптестік орнатқысы келетін жоспары жайлы мәлімдеді.

Ал бұл уақытта, тамыздың 10-ы күні Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі Қырымда «украиналық барлау қызметі жоспарлаған терактілердің алды алынғаны» туралы мәлімдеген соң Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынас одан сайын шиеленісіп кетті. Киев ресейлік қауіпсіздік қызметінің айыптауларын негізсіз деп атады.

XS
SM
MD
LG