Accessibility links

Бразилия футболшылары олимпиада жеңімпазы атанды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бразилияның футбол құрамасы өз тарихында алғаш рет олимпиада чемпионы атағын жеңіп алды.

Сенбінің кешінде Рио-де-Жанейродағы әйгілі «Маракана» стадионында өткен финалдық матчта алаң иелері Германия командасын 5:4 есебімен ұтты.

Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Қосымша уақытта екі жақтың да қақпасына доп түскен жоқ.

Матч соңындағы пенальтилер нәтижесі бойынша бразилиялықтар бәсекелестің қақпасына жеңіс добын соғып, алтын жүлдеге ие болды.

Қола медальді Гондурас командасын 3:2 есебімен ұтқан Нигерия футболшылары иеленді.

XS
SM
MD
LG