Accessibility links

Министрлік: Биыл 42 мектеп апатты жағдайда жұмыс істейді


Қарағанды облысының Гүлшат ауылындағы шағын жинақты бастауыш мектеп (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысының Гүлшат ауылындағы шағын жинақты бастауыш мектеп (Көрнекі сурет).

Қазақстанда биыл жаңа оқу жылында апатты жағдайда және үш ауысыммен 42 мектеп жұмыс істейді деп хабарлады Азаттыққа білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жантаева. Бұл туралы ол Түркістанда премьер-министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өтіп жатқан білім саласындағы мәселелерді талқылайтын жиын басталар алдында айтты.

Департамент директорының айтуынша, бұлар - 300-1200 орындық үлкен мектептер.

Жаңыл Жантаева сонымен қатар Қазақстанда 400-ден астам ауылда орта білім беретін мектеп жоғын да айтты.

- Біздің есебіміз бойынша, 400-ден астам елдімекенде мектеп жоқ. Бұл елдімекендерде оқитын бала саны беске жетпейді. Бірақ ондағы мектепте оқитын балаларды жергілікті атқарушы органдар мектебі бар көршілес ауылдарға автобуспен тасымалдау, интернаттарға орналастыру жайын қарастырып жатыр, - деді Жаңыл Жантаева.

Оңтүстік Қазақстан облысына іссапармен барған Кәрім Мәсімов Түркістанда Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Астана мен Алматы қалалары шенеуніктерінің қатысуымен білім саласындағы маңызды сұрақтарды талқылайтын жиын өткізіп жатыр.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG