Accessibility links

Украина тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді


Киевтегі Украина тәуелсіздігі күніне арналған әскери парадқа дайындық. 22 тамыз 2016 жыл.
Киевтегі Украина тәуелсіздігі күніне арналған әскери парадқа дайындық. 22 тамыз 2016 жыл.

Украина бүгін, 24 тамызда тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Украинада тәуелсіздік күні мерекесі 1992 жылы - Украин ССР-ы Жоғарғы Кеңесінің "Украинаның тәуелсіздігін жариялау актісін" қабылдауы құрметіне жарияланған.

Киевте орталық Крещатик көшесі мен Тәуелсіздік алаңында (Майдан Незалежности) әскери парад өтеді. Ел көлемінде мерекелік шаралар, көрмелер мен концерттер болады.

Бұл күні 2013 жылдың қарашасы мен 2014 жылдың ақпаны аралығында сол кездегі ресейшіл президент Виктор Януковичтің билігіне қарсы толқуларда қаза тапқандарды ерекше еске алады.

XS
SM
MD
LG