Accessibility links

Мәскеудегі өрттен 17 қырғыз мигранты қаза тапты


Мәскеудегі өрт. (Көрнекі сурет)
Мәскеудегі өрт. (Көрнекі сурет)

Ресейдің төтенше жағдайлар жөніндегі қызметі Мәскеудегі қоймада болған өрттен 17 қырғыз мигранты қаза тапқанын, қазір өрттің өшірілгенін хабарлады.

Мәскеуде баспа қоймасындағы өрт 27 тамыз күні таңертең шыққан.

Төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет "Ғимараттың есігі лаулап тұрды. Өрт сөндірушілер баспаға кіре алмай, қабырғаны қиратып кірді" деп хабарлайды.

Ресей президенті Владимир тікелей бағынатын Ресей тергеу комитеті өртке байланысты қылмыстық іс қозғаған.

Мәскеудің төтенше жағдайлар жөніндегі қызметінің басшысы Илья Денисов өрттің электр шамынан шыққанын айтады.

Денисов өрт сөндірушілердің баспа ішінен 16 мәйіт тапқанын, күйік шалған төрт адамды ауруханаға жібергенін, оның бірі ауруханада қайтыс болғанын хабарлады.


Ресейде өрт қауіпсіздігі стандарттары сақталмайтынын сынайтындар көп. Бұл елде Қырғызстаннан келген 500 мыңға таяу мигрант еңбек етеді.

XS
SM
MD
LG