Accessibility links

АДБ Қазақстанның транспорт жүйесін жақсартуға несие бөлмек


Азия даму банкінің Маниладағы штаб-пәтері.

Азия даму банкінің Маниладағы штаб-пәтері.

Азия даму банкі (АДБ) Қазақстанға елдің "транспорт жүйесін модернизациялауға көмектесу" үшін 240,3 миллион доллар көлемінде несие беруді мақұлдады. Бұл туралы бүгін АДБ-ның ресми сайтында хабарланды.

АДБ-ның мәліметінше, жоба аясында Батыс Қазақстандағы Ақтөбе - Мақат жолының бұзылған 299 километр бөлігін қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұл жол Қазақстанды батысында Әзербайжан және Еуропамен, солтүстігінде Ресей, оңтүстігінде Түркіменстанмен жалғайтын Транскаспий транзиттік маршрутының бір бөлігі саналады. Сонымен қатар "жол қозғалысыынң қауіпсіздігі мен логистика тиімділігін арттыру үшін" заманауи транспорттық ақпараттық жүйе енгізу де жоспарланған.

АДБ бұл жоба бойынша Астана, Ақтөбе, Атырау және Қазақстандағы жалғыз портты қала - Ақтау арасында транспорттық байланыс орнатылады дейді.

Банк мәлімдемесінде Қазақстандағы инфрақұрылымдық шектеу кәдімгідей уақыт жоғалтып, транспорттық шығынға ұшырататыны және шетел нарығына шығуға кедергі келтіретіні айтылған. "Транспорт байланысын жақсарту Қазақстан мен Шығыс Азия нарықтарының Каспий теңізі аймағымен және одан ары Еуропамен сауда байланысын ұлғайтуға септігін тигізеді" делінген мәлімдемеде.

АДБ-ның штаб-пәтері Филиппин астанасы Манилада орналасқан.

XS
SM
MD
LG