Accessibility links

Ресей паралимпиада құрамасын Қысқы ойындардан да шеттетті


Ресей паралимпиада командасының мүшесі. (Көрнекі сурет)

Ресей паралимпиада командасының мүшесі. (Көрнекі сурет)

Паралимпиада комитеті допинг дауы кесірінен Ресейдің паралимпиада командасын 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы ойындардан шеттетті. Ресей командасы бұған дейін қыркүйекте өтетін Рио паралимпиадасынан да шеттетілген еді.

Паралимпиада комитеті мұны 29 тамыз күні хабарлап, Ресейдегі мүмкіндігі шектеулі атлеттердің әлемдегі ең мықты спортшылардың бірі екенін айтып, өкініш білдірген. Ал құқық қорғаушылар Ресей үкіметінің елдегі мүгедектерді қолдауға көп назар аудармайтынын айтады.

Допингке қарсы халықаралық агенттік Ресей үкіметін "бірнеше жыл бойы олимпиада мен паралимпиада ойындарына қатысатын жүздеген спортшысының допинг пайдаланатынын жасыруға көмектесіп келген" деп айыптайды.

Өткен аптада төрелік соты Ресейдің Рио олимпиадасына қатысу туралы апелляциялық арызын қанағаттандырмай тастады.

XS
SM
MD
LG