Accessibility links

Отунбаева Атамбаев өзі туралы сөйлеп тұрғанда сахнадан кетіп қалды


Роза Отунбаева, Қырғызстанның экс-президенті.

Роза Отунбаева, Қырғызстанның экс-президенті.

Қырғызстанның экс-президенті Роза Отунбаева Бішкекте Тәуелсіздік күніне орай президент Алмазбек Атамбаев сөйлеп жатқан кезде сахнадан кетіп қалды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

"Революциядан соң біз Отунбаеваны іс жүзінде заңдастырдық, бұл дұрыс болды. Алғашқы кездесуден-ақ мен уақытша үкіметті құруға қарсы болдым. Конституцияны асығыс түрде өзгертуге қарсы болдым. Парламент Отунбаеваны спикер етіп сайлауға дайын болды. Мүмкін, бұл жол анағұрлым легитимді әрі қантөгіс аз болар ма еді" деді Атамбаев Бішкектің орталық алаңында.

"Егер сіздер Роза Отунбаеваны ұмытқан болсаңыздар, біз жаңа конституция қабылданған соң қандай бейберекет болғанын, конституция қабылдана салысымен парламентте ауыздарыңызға қалай қақпақ қойылғанын жақсы білеміз. Себебі бұл конституцияда бейберекеттікке себеп болатын барлық себеп бар" деді Қырғызстан президенті.

Бұдан соң Роза Отунбаева алаңнан кетіп қалды.

XS
SM
MD
LG