Accessibility links

Ислам Каримовтың құттықтауын тележүргізуші оқыды


Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов.

Өзбекстан телеарналарының бірінде тележүргізуші ел президенті Ислам Каримовтың Тәуелсіздік күніне арналған құттықтауын оқып берді. Каримов 31 тамыз күні Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шараларға қатысқан жоқ.

28 тамызда Ислам Каримовтың әлдебір сырқатпен ауруханаға түскені туралы хабарланғаннан бері оның денсаулығы туралы ресми ақпарат жоқ. "Фергана" агенттігі 30 тамызда белгісіз дереккөзіне сілтеме жасап Ислам Каримовтың "қайтыс болғанын" хабарлаған. Бірақ басқа ақпарат құралдары, оның ішінде ресейлік агенттіктер Каримовтің әлі "тірі екенін" жазды.

Өзбек президентінің қызы Лола Каримова-Тилляева Instagram-да әкесінің "миына қан құйылып, аурухананың жансақтау бөлімінде жатқанын" және "жағдайы бірқалыпты екенін" жазған.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльге Каримовқа қатысты жаңа ақпарат түспегенін, Мәскеу үшін Өзбекстан президентінің жағдайы туралы комментарий беру "жөнсіз болатынын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG