Accessibility links

Бразилия сенаты президентін биліктен кетірді


Дилма Русеф.

Дилма Русеф.

Бразилия сенаты ел президенті Дилма Русефті биліктен шектеуді жақтап дауыс берді. Русефтің қызметтен кетуін 61 сенатор қолдап, 20 сенатор қарсы дауыс берген. Осылайша Бразилиядағы алғашқы әйел президент Русефтің 5 жылға созылған билігі аяқталды.

Дауыс беру аяқталған соң Русеф Twitter желісіндегі парақшасында "Бүгін коррупционер 61 еркек 54 миллион бразилиялықтың таңдауын қоқысқа тастай салды" деп жазды.

Дилма Русефтің қызметін вице-президент Мишел Темер уақытша атқармақ. Ол елді 2018 жылдың соңына дейін басқарады.

Оппозиция Дилма Русефті "2015 жылғы сайлау науқаны кезінде салықтан жалтарды және бюджет қаржысын жұмсады" деп айыптайды. Биыл наурызда Русеф өзінің алдында ғана президент болған партияласы Луис Лула да Силваны әкімшілігінің жетекшісі етіп тағайындап, қоғамның наразылығын тудырған.

XS
SM
MD
LG