Accessibility links

Түркияда тағы 500-ден астам судья мен прокурор қызметтен босатылды


Түркия туы (Көрнекі сурет).
Түркия туы (Көрнекі сурет).

Түркияда тағы 543 судья мен прокурор қызметінен босатылды. Шілдедегі мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін жұмысынан айырылған сот саласы қызметкерлерінің саны 3 мың 200-ге жетті. 1 қыркүйекте президент Режеп Ердоған тазалау "сот билігінің тәуелсіздігін нығайтатынын" мәлімдеген.

Төңкеріс жасау әрекетіне қатысы бар деген күдікпен мемлекеттік сектордан осы кезге дейін барлығы 80 мыңға тарта қызметкер босатылды. Көпшілігі, оның ішінде судьялар, прокурорлар, әскерилер мен полиция қызметкері жауап алу үшін ұсталды. Үкімет бүлік жасау әрекетін АҚШ-та тұратын дін қайраткері Фетхулла Гүлен мен оның жақтастарынан көреді. Гүленнің өзі бүлікке қатысы барлығын жоққа шығарады.

15 шілдеде болған бүліктен ресми мәлімет бойынша 270-тен астам адам қаза тапты. Еуропа Одағы мен АҚШ бүліктен соң Ердоғанның саяси бәсекелестері жаппай қудаланып, қамалып жатыр деп алаңдайды.

XS
SM
MD
LG