Accessibility links

Астана: Назарбаевтың сапарында өзгеріс болмайды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин. Ханчжоу, 2 қыркүйек 2016 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин. Ханчжоу, 2 қыркүйек 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі қазір Қытайда ресми сапармен жүрген оның жұмыс кестесіне таяу арада өзгеріс енгізу жоспары жоқ екенін хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға G20 елдерінің саммитіне қатысу үшін 1 қыркүйек күні кешке барған. Оның "3 қыркүйекте Қытайдағы сапарын доғарып, Өзбекстанға баратынын" Қазақстан үкіметіндегі дереккөзіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлаған.

"Жоспардың кенеттен өзгеруі Қазақстан билігі өзбек президенті Ислам Каримовтің қайтыс болғанын қалай болғанда хабарлауына дайындалып жатқанын көрсетеді" деген Reuters.

Агенттік бүгін түстен кейін Өзбекстанның бұған дейін "ауруханада әл үстінде жатыр" деп хабарлаған президенті Ислам Каримовтің қайтыс болғанын жариялаған.

XS
SM
MD
LG