Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында бүгін кешке екінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсімі өтті.
Ойын бағдарламасындағы мәдени және спорт шаралары Чолпон-Ата мен Қыршын жайлауында өтеді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары хатшылығының хабарлауынша, әлемнің 53 елінен мыңға жуық спортшы биылғы шараға қатысуға ниет білдірген.
Екінші дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасында 23 спорт түрі бойынша бәсекелер мен фольклорлық фестиваль енгізілген.