Accessibility links

Ватикан Тереза Ананы әулиелер қатарына қосты


Тереза Ана науқастың жағдайымен танысып тұр. Калькутта, Үндістан, 2 ақпан 1986 жыл.

Тереза Ана науқастың жағдайымен танысып тұр. Калькутта, Үндістан, 2 ақпан 1986 жыл.

Рим папасы Франциск бүгін католик монах әйел Тереза Ананың әулиелер қатарына енгізілгенін жария етті. Бұған байланысты Ватиканда өткен діни рәсімге ондаған мың адам қатысты.

1997 жылы қайтыс болған Тереза Ананы әулиелер қатарына енгізу үшін Ватикан оның есімімен байланысты ғайыптан дертке дауа болған оқиғаға айғақ-дәлел ұсынуды талап еткен. Және оны сарапшылар қуаттай алатын болуы тиіс. Былтыр католик шіркеуі онкологиялық аурудан жазылған Бразилия тұрғынына әйгілі монах әйелдің «көктен қолдау танытқанын» растаған.

Католик дінін таратушы монах әйел Тереза Ана қайырымдылық орденінің негізін қалаған әрі Нобель сыйлығының иегері атанған. Ол негізін қалған монах әйелдердің «Сүйіспеншілік миссионерлері» ұйымының қазір әлем бойынша 400-ден астам бөлімшесі бар. Сонымен бірге Тереза Ананы қайырымдылық мақсаттарға авторитарлық билеушілерден ақша алғаны және оның қамқорлығындағы кейбір емдеу орындарының жағдайы нашар болғаны үшін талай рет сынға алған.

XS
SM
MD
LG