Accessibility links

АҚШ Ресейге салған санкциясын кеңейтті


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ Ресейдің Украина шығысындағы қақтығысқа киліккені үшін санкцияға алынған ресейлік компаниялар тізімін ұзартуға шешім қабылдады. Санкция тізімін ұзарту туралы ақпарат үкіметтің Federal Register басылымының сайтында жарияланған. Шешім 7 қыркүйекте күшіне енуі тиіс.

Санкцияға іліккендер қатарында ондаған компания, оның ішінде Ресейдің "Газпром" компаниясына бағынышты 50 компания бар.

Санкцияға ілінгендер арасында Керченск көпірін салған компаниялар - бас мердігер "СГМ-мост" компаниясы, Аркадий Ротенбергтің "Стройгазмонтаж" компаниясының еншілес кәсіпорындары, көпір құрылысына қосалқы мердігер ретінде қатысқан "Мостотрест" компаниясы, көпір салуға тапсырыс берген Федералдық жол агенттігінің "Тамань" компаниясы бар.

АҚШ санкциясына сонымен қатар бірінші рет электроника өндіретін 11 компания ілініп отыр. Олардың өнімдері әскери өнеркәсіпте қолданылады.

АҚШ пен Еуропа Одағы Ресейге 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап, Украина шығысындағы ққатығысқа киліккені үшін санкциялар салған. Мәскеу бұған жауап ретінде Еуропа Одағы елдері, АҚШ, Норвегия, Канада мен Австралиядан азық-түлік импорттауға эмбарго енгізген.

XS
SM
MD
LG