Accessibility links

Эстония: Ресей әскери ұшақтары әуе кеңістігімізді тағы бұзды


Балтық теңізінде ұшып жүрген Ресей әскери ұшағы. Сәуір 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Балтық теңізінде ұшып жүрген Ресей әскери ұшағы. Сәуір 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Эстония әскери қолбасшылығы Ресей әскери ұшақтарының Балтық теңізінің үстінде әуе кеңістігін биылдыққа осымен төртінші рет бұзғанын хабарлады. Бұл туралы ресми мәлімдемеде Ан-72 ұшағы Эстонияның әуе кеңістігіне Вайндло аралы аумағына рұқсатсыз еніп, 90 секундтай болғаны айтылады. Экипаж ұшуларды басқару орталығымен байланыспай, әуе кеңістігінен 2 километрдей ішкерілей енген.

Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков журналистерге ресейлік ұшақтар "Вайндло аралы аумағында Эстония шекарасын бұзбағанын" мәлімдеді. Ол ресейлік Ан-72 аталған ауданда ұшпағанын айтты. Ресейдің Эстониядағы елшілігі эстон билігі елшіге наразылық нотасын тапсырғанын хабарлады.

Биыл НАТО-ның бірнеше мемлекеті Ресей әскери ұшақтарының өз әуе кеңістігін бұзғанын мәлімдеген. Өткен жылдың соңында Түркия елдің әуе кеңістігіне рұқсатсыз еніп кетті деп Ресей әскери ұшағын атып түсірген. Анкара әуе кеңістігін бұзу оқиғалары бірнеше рет қайталанғанын және оның ықтимал салдары туралы Мәскеуге ескертілгенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG