Accessibility links

"Қазғарыштың" басшысы ауысты


Еркін Шаймағамбетов, "Қазғарыш" аэроғарыш комитетінің жаңа төрағасы
Еркін Шаймағамбетов, "Қазғарыш" аэроғарыш комитетінің жаңа төрағасы

Қазақстан аэроғарыш комитетінің ("Қазғарыш") төрағасы болып Еркін Шаймағамбетов тағайындалды деп хабарлады Facebook-те инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Шаймағамбетов бұған дейін "Қазғарыш" төрағасының орынбасары болған.

"Оның авиация және ғарыш саласындағы тәжірибесі жаңа қызметте баға жеткісіз болады" деп жазды министр.

Бұған дейін "Қазғарышты" ол құрылған 2007 жылдан бері Талғат Мұсабаев басқарған.

Талғат Мұсабаевтың қандай қызметке кеткені айтылмайды.

XS
SM
MD
LG