Accessibility links

Риода Паралимпиада ойындары басталды


Арбада отыратын параатлет Маракана стадионында Паралимпиада ойындарының алауын тұтатып тұр. Рио, 7 қыркүйек 2016 жыл.

Арбада отыратын параатлет Маракана стадионында Паралимпиада ойындарының алауын тұтатып тұр. Рио, 7 қыркүйек 2016 жыл.

Рио-де-Жанейрода Паралимпиада ойындары басталды. Ойындардың ашылу салтанаты 7 қыркүйекте Маракана стадионында өтті.

11 күнге созылатын Паралимпиада ойындарына 161 мемлекеттен 4 мыңнан астам параатлеттер қатысады. Бұл жолғы ойындарға Рсеей атлеттері қатыстырылмайды.

Ресей паралимпиада құрамасы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Ресейде допинг қолданып, оны жасырудың мемлекет қолдайтын бағдарламасы болғанын анықтаған соң ойындардан шеттетілген.

Паралимпиада қатысатын белгілі атлеттер арасында ирандық ауыр атлет Сиаманд Рахман, британдық арбамен жарысушы Дэвид Вейр және қытайлық зағип жеңіл атлет Лю Чуйцин бар.

Ирандық диск лақтырушы, АҚШ-та тұратын Шахрад Насаджпур мен сириялық жүзуші Ибрахим әл-Хусейн босқындар командасы атынан жарысады.

XS
SM
MD
LG