Accessibility links

Қорғас халықаралық орталығының басшысы 2 айға қамалды


Қорғас халықаралық шекаралас ынтымақтастығы орталығының Қытай жағы (Көрнекі сурет).
Қорғас халықаралық шекаралас ынтымақтастығы орталығының Қытай жағы (Көрнекі сурет).

Қорғас халықаралық шекаралас ынтымақтастығы орталығының президенті, пара алу күдігіне ілінген Василий Ни екі айға қамалды деп хабарлады бүгін Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Ресми ақпаратқа қарағанда, Василий Ниді қамау туралы санкцияны Алматының Медеу аудандық №2 соты шығарған. Ниді қамауды коррупцияға қарсы қызметтің жедел-тергеу тобының жетекшісі сұраған.

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 5 қыркүйекте 1968 жылы туған Василий Нидің "бір миллион доллар пара алу кезінде" ұсталғанын хабарлаған. Құзырлы органдар Ни қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-тармағында айтылған ("аса ірі көлемде пара алу") қылмысты жасады деген күдікке ілінгенін айтады.

Бюро ақпаратына қарағанда, Қорғас орталығының басшысы өзіне бағынышты инвесторлармен жұмыс бөлімінің жетекшісі М.Сайдуллаев арқылы "Хоргос Тюльпан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілінен тендер нәтижесін оң шешіп беру үшін бір миллион доллар пара алған. "Пара "Хоргос Тюльпан" халықаралық орталық аумағында 5-санатты қонақүй кешенін салу конкурсында жеңіп шығу үшін берілген" дейді коррупцияға қарсы қызмет.

XS
SM
MD
LG