Accessibility links

Францияда "радикалданған" үш әйел қамалды


Париждегі Ното-Дам соборы алдындағы қарулы полиция жасағы, Франция.
Париждегі Ното-Дам соборы алдындағы қарулы полиция жасағы, Франция.

Франция билігі зорлық-зомбылық әрекетін жасауға дайындалды деген сезікті "радикалданған" үш әйелдің қамалғанын хабарлады. Әйелдер Париждегі Нотр-Дам соборы жанына ішінде бензин құйылған канистрі бар көлік қойып кетуіне қатысты тергеу аясында ұсталған. "39, 23 және 19 жастағы бұл әйелдер радикалданған және фанаттар, олар таяу уақытта зорлық-зомбылық жасауды жоспарлағанға ұқсайды" деп мәлімдеді Франция ішкі істер министрі Бернар Газнев телеарнадан.

Министрдің сөзінше, күдіктілердің бірі ұстау кезінде полиция қызметкеріне пышақ салмақ болғанда атыс қаруынан жараланған.

Бұған дейін Франция президенті Франсуа Олланд соңғы күндері елде шабуылдың алды алынғанын хабарлаған, бірақ ол туралы толық ақпарат бермеген.

2015 жылы қарашада Парижде 130 адам қаза тапқан исламшыл содырлардың шабуылдарынан соң Францияда террорлық қауіп-қатердің деңгейі жоғары деп жарияланған.

XS
SM
MD
LG