Accessibility links

Сирияда көмек көрсететін топтар БҰҰ-мен жұмыс істесуді тоқтатты


"Сирия азаматтық қорғанысы" ұйымының еріктілері Сурана ауданында өртеніп жатқан көлік жанында. Сирия,1 қыркүйек 2016 жыл.
"Сирия азаматтық қорғанысы" ұйымының еріктілері Сурана ауданында өртеніп жатқан көлік жанында. Сирия,1 қыркүйек 2016 жыл.

Сириядағы көмек көрсететін ондаған топ БҰҰ-мен бірге жұмыс істеуді тоқтататынын, себебі ұйымның бірқатар агенттіктері мен серіктестері президент Башар Асад билігінің "ықпалында екенін" мәлімдеді.

БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасына жіберілген хатқа барлығы 73 топтың өкілдері қол қойған. Олар сонымен қатар Сириядағы БҰҰ агенттіктерінің жұмысына тексеру жүргізуді де талап етеді.

Хатқа қол қойған ұйымдар арасында Сирия-америка медицина қауымдастығы, "Ақ каскалар" деген атаумен де белгілі, көтерілісшілер бақылауындағы территорияларда жұмыс істейтін "Сирия азаматтық қорғанысы" ұйымы бар. БҰҰ өкілі Стефан Дуярич айыптау мен БҰҰ-ның кейбір агенттіктері Сирия режимімен жұмыс істеседі деген тұжырымды терістеді.

Ал Сирияда үкімет әскері мен олардың одақтастары көтерілісшілер бақылауындағы Алеппода жаңа территорияларды қайтарып, қаланы қоршауды күшейтті. Алтыншы жылға созылған Сириядағы соғыста 290 мың адам қаза тапты. Халықаралық қауымдастықтың қақтығысты тоқтату жайындағы әрекеттерінен әзірге нәтиже жоқ.

XS
SM
MD
LG