Accessibility links

Өзбекстанда ерте президент сайлауы 4 желтоқсанға белгіленді


Өзбекстанда сайлау учаскесіне келген қыздар (Көрнекі сурет).

Өзбекстанда сайлау учаскесіне келген қыздар (Көрнекі сурет).

Өзбекстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы 4 желтоқсанда өтетін болды. Бұл туралы бүгін Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының басшысы Мирза-Улугбек Абдусаломов хабарлады. Сайлау президент Ислам Каримов науқастанып қайтыс болғаннан кейін өтейін деп отыр.

Кеше Өзбекстан парламенті премьер-министр Шавкат Мирзяевті уақытша президент міндетін атқарушы етіп бекіткен.

Ел конституциясы бойынша, президент қайтыс болған немесе қызметін атқаруға қабілетсіз болған жағдайда оның міндетін атқару үш ай мерзімге парламенттің жоғарғы палатасы - сенат төрағасына жүктелуі тиіс. Бірақ ақпараттарға қарағанда, сенат спикері Нигматулла Юлдашев тәжірибесі жоғын айтып бұл міндеттен бас тартып, президент міндетін уақытша атқаруға Мирзяевтің кандидатурасын ұсынған.

Өзбекстанды 1989 жылдан бері басқарған Ислам Каримов өткен аптада 78 жасында инсульттен қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG