Accessibility links

Иран АҚШ пен Ресейдің Сирия жайлы келісімін құптады


Сирия картасы. (Көрнекі сурет.)

Сирия картасы. (Көрнекі сурет.)

Иран билігі Сирияда бейбітшілік бітімін орнатуға бағытталған АҚШ пен Ресей арасындағы келісімді құптайды. Associated Press агенттігі Тегеран Сирия президенті Башар Асадтың одақтасы екенін атап өткен. Сирия территориясында үкімет күштеріне қолдау көрсетуге барған Иран әскери қызметкерлері бар.

Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Тегеран әрқашан Сириядағы соғыстың аяқталуын және әскери іс-қимылдардан зардап шеккен Сирияның барша халқын гуманитарлық жәрдеммен қамтамасыз етуді қолдап келеді деп мәлімдеген.

Осының қарсаңында Сириядағы қарулы жанжалды бейбіт жолмен тоқтату туралы Вашингтон мен Мәскеу арасында жасалған келісімді Түркияның қолдайтыны туралы хабарланған. Бұған дейін жұма күні Женевада АҚШ пен Ресей сыртқы істер мекемелері басшыларының қатысуымен өткен кездесуде Сирияда бітім орнату туралы келісімге қол жеткізілгені хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG