Accessibility links

Ресей министрі АҚШ-ты сынады


Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу. Мәскеу, 25 тамыз 2016 жыл.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу. Мәскеу, 25 тамыз 2016 жыл.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу АҚШ пен оның Батыстағы одақтастарын «Босния мен Косоводан Ирак пен Ливияға дейінгі» әлемдік тәртіп негіздерін бұзды деп мәлімдеді.

Шойгу бұл мәлімдемесін АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картердің Мәскеуді «халықаралық тәртіп принциптерін әлсіретуге ұмтылады» деп айыптаған сөзінен соң айтты. Өткен аптада Пентагон басшысы Ресейдің Украина мен Сирияда және киберкеңістікте «кәсіби емес мінез» танытып отырғанын айтқан.

Шойгу өз жауабында «халықаралық тәртіпті америкалық тәртіппен шатастырмауға» шақырған. Сонымен бірге Шойгу халықаралық тәртіп «Пентагонның ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықтың дәргейі» деген. «Америкалық әріптестеріміз мұны неғұрлым тез түсініп, өзгерген сайын қордаланған қайшылықтар соғұрлым жылдам шешіле бастайды» дейді Ресей қорғаныс министрі.

XS
SM
MD
LG