Accessibility links

Атырауда митинг өткізуге рұқсат берілмеді


Атыраудағы Жеңіс саябағы.

Атыраудағы Жеңіс саябағы.

Атырау қалалық әкімдігі заңгер Әсел Нұрғазиеваның 17-қыркүйекте митинг өткізуді сұраған арызына рұқсат бермеді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

«2016 жылдың 13 қыркүйегі мен 13 қарашасы аралығында Атырау қаласы аумағында санитарлық екі айлық шеңберінде Атырау қаласындағы Жеңіс саябағының шеңберінде және Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы маңындағы саябақта тазалау, жөндеу және сенбілік жұмыстары жоспарлануына байланысты 2016 жылдың 17 қыркүйегінде митинг өткізуге рұқсат беруден бас тартылсын»,- деп жазылған қала әкімі Серік Шапкеновтың қолы қойылған қаулыда.

Азаматтық белсенді Әсел Нұрғазиеваның айтуынша, жер реформасына қатысты митингтен соң қамауға алынған Макс Боқаев пен Талғат Аян және басқа да белсенділерді қолдап, «Ақ жаулықты аналар» атты 80 адам жиналатын митинг өткізуге рұқсат сұраған арыз қала әкімдігіне 5-қыркүйекте тапсырылған.

- Енді санитарлық тазалық айлығына қатысу үшін 17-қыркүйекте қала тазалауға аталған орындарға бармақшымыз, - дейді Әсел Нұрғазиева.

Атырау қалалық мәслихатының 2016 жыл 28-наурыздағы №13 шешімімен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының жанындағы демалыс саябағы және Жеңіс саябағы митинг, бейбіт шерулер өтетін орын ретінде бекітілген.

XS
SM
MD
LG