Accessibility links

Мигранттарды сабағандарға сот шешімі шықты


Ресей ұлтшылдарының шеруі.

Ресей ұлтшылдарының шеруі.

Сот Мәскеу және Мәскеу маңының алты тұрғынын 2015-жылдың ақпанында пойыз бен платформаларда мигранттарды соққыға жықты деген айыппен кінәлі деп тауып, бас бостандығынан айырды. Ресейдің тергеу комитетінің хабарлауынша, жастарға «экстремизмге шақыру», «бұзақылық», «өлімге әкеп соқтырған адам денесіне жарақат салу» баптары бойынша екі жарым жылдан төрт жылға дейін түрме жазасы кесілген.

Тергеу деректері бойынша, 2015-жылы 17 жасар бозбала ұжымдық чатта 14-ақпан күні электричкалар мен Мәскеу маңы метро станцияларында «түрі словян нәсіліне келмейтіндерді» соққыға жығуды мақсат тұтқан «ақ вагон» деп атаған шара өткізуге шақырған. Осыдан кейін бірнеше жас Курск бағытындағы «Силикатная» және «Чехов» станцияларына барып үш адамды соққыға жыққан. Олардың бірі соққы жарақаттарынан көз жұмған.

XS
SM
MD
LG