Accessibility links

Пентагон: Ирактағы ИМ-нің химиялық қару жасайтын нысаны жойылды


Мосул қаласы.

Мосул қаласы.

Пентагон АҚШ әуе күштері Ирактағы "химиялық қарудың негізгі бөлігін" жойғанын хабарлады. АҚШ әскерилері Мосул маңындағы бұрынғы фармацевтикалық мекеменің ғимаратын бомбалаған.

АҚШ әуе күштерінің өкілі, генерал-лейтенат Джеффри Хэрриджин журналистерге бомбалау нысаны "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына тиесілі екенін, онда хлор мен қыша газының көп мөлшері болғанын айтқан.

Пентагон әуе шабуылы кезінде ИМ-нің баспасөз хатшысы Абу Мохаммед әл-Аднанидің де мерт болғаны туралы да ақпарат таратты.

12 қыркүйекте жасалған әуе шабуылына 12 ұшақ қатысып, 50 жуық нысанды жойған.

XS
SM
MD
LG