Accessibility links

Түркменстан конституциясына өзгерістер енгізілді


Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ел конституциясына енгізілген өзгерістерді мақұлдады. Жаңа өзгеріске сай Түркменстан президентінің өкілеттілігі бес жылдан жеті жылға ұзартылды және кандидаттардың жасына қойылатын талаптар толығымен алынып тасталды

"70 жасқа дейінгі Түркменстан азаматтары ғана президенттікке кандидат бола алады" деген жас шектеуі Бердімұхамедовтың алдағы сайлауларға түсуіне бірден-бір кедергі болған еді.

59 жастағы Түркменстан президентінің президенттік өкілеттілігі 2017 жылы аяқталуы тиіс.Ол 2006 жылы әкесі Сапармұрат Ниязов қаза тапқаннан кейін президенттікке сайланған.

XS
SM
MD
LG