Accessibility links

Мутко: WADA базасын Ресейдің шабуылдағанына дәлел жоқ


Ресей спорт министрі Виталий Мутко.

Ресей спорт министрі Виталий Мутко.

Ресей спорт министрі Виталий Мутконың айтуынша, Халықаралық антидопинг агенттігінің (WADA) ақпараттар базасына ресейлік хакерлердің шабуыл жасағаны туралы нақты дәлел жоқ.

"Базаға шабуыл жасаған хакерлердің Ресейден екенін қалай дәлелдейсіздер? Қазір сіздер бәріне Ресейді кінәлайсыздар. Бұл сәнге айналды" деді Мутко Афиныда өткен УЕФА конгресі аясындағы баспасөз мәслихатында.

Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі (WADA) өзінің ақпараттар базасына ресейлік хакерлер шабуыл жасағанын мәлімдеген. Агенттіктің дерегінше, атлеттердің құпия медициналық ақпараттары жиналған құжаттарды Ресейдің Fancy Bear тобы шабуылдаған. Хакерлік топ ұрланған құжаттардың жартысы интернетте жарияланып кеткенін айтқан.

XS
SM
MD
LG