Accessibility links

АҚШ депутаттары Ресейге санкция салуды талап етті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Демократиялық және Республикалық партияларының депутаттары президент Барак Обамадан Ресейге хакерлік шабуылдар үшін кезекті санкциялар салуды ұсынды.

"АҚШ президентіне хакерлік шабуылдарға жауап қайтаруға мүмкіндік берілген. Егер Ресей АҚШ-тың ішкі ұйымдарына, мемлекеттік мекемелеріне, сайлауалды кампанияларының жұмысына кедергі келтірсе президент әкімшілігінің экономикалық санкциялар арқылы жауап қайтаруға толық құқығы бар" деді демократ Адам Шифф.

Республикалық партияның ішкі қауіпсіздік комитетінің өкілі Майкл Маколтың айтуынша, ресейлік хакерлер Демократиялық және Республикалық партияның серверлеріне шабуыл жасаған.

Бірнеше депутат Барак Обаманың ресейлік хакерлерге жауап қайтармай отырғанына наразылық танытқан.

Ал президент әкімшілігі АҚШ Ресейге жаңа экономикалық санкциялар салса Сирия мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға кедергі келтіреді деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG