Accessibility links

Нью-Йорктағы жарылысқа байланысты күдікті ұсталды


Полиция таратқан Ахмад Хан Рахамидің суреті.
Полиция таратқан Ахмад Хан Рахамидің суреті.

17 қыркүйекте Нью-Йоркта болған жарылысқа күдікті ретінде 28 жастағы Ахмад Хан Рахами ұсталды. Бұл туралы CNN, NBC және AFP хабарлады.

Ауғанстанда туған Рахами Нью-Джерси штатындағы Линден қаласында ұсталған. Бұл ақпаратты Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио да растады. Полиция басқармасы Нью-Йоркта оның фотосын таратқан.

17 қыркүйекте Нью-Йоркте болған жарылыстан 26 адам жарақат алған. Дәрігерлер олардың біреуі айтарлықтай жараланғанын, ал қалғандарының өміріне қауіп жоғын айтады.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, жарылғыш зат қоқыс салатын жәшікте болған. Оқиға куәгерлері қатты жарылыстан соң үрейленген адамдардың ол жерден қашқандарын айтады.

Осы оқиғаның алдында Нью-Джерси штатындағы Сисайд-Парк қаласында қолдан жасалған бомба жарылғаны туралы ақпарат тараған. Ол жарылыстан ешкім зардап шекпеген.

XS
SM
MD
LG