Accessibility links

Қазақстанда 2 мың кәсіпорын банкротқа ұшырау алдында тұр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда 2247 кәсіпорын банкротқа ұшыраудың алдында тұр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасының жетекшісі Айгүл Уәлиева мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2016 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша жабылу алдында тұрған кәсіпорындардың банктерге несиелік қарызы 286 миллиард теңгені құрайды.

Қаржы министрлігінің дерегінше, 2015 жылдың алғашқы тоғыз айында 1900 кәсіпорын банкротқа ұшырап, жабылған.

XS
SM
MD
LG