Accessibility links

Министр: Паралимпиада жеңімпаздарының сыйақысы көбейеді


Қазақстан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы

Қазақстан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы паралимпиадалық ойындар жеңімпаздарының сыйақысы жазғы олимпиада жүлдегерлерінің сыйақысымен теңестірілетінін мәлімдеді.

"Бүгін республикалық бюджет комиссиясының отырысы болады. Екі айдың ішінде бүкіл құжаттарды дайындап, керекті деректерді орнына қойдық. Қазір сыйақы 25 миллион теңгеден 84 миллион теңгеге көтеріледі. Былайша айтқанда, жазғы олимпиада ойыны жеңімпаздарының сыйақысымен бірдей болады" деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министр бұл шешім ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың нұсқауы бойынша жасалатынын айтты.

Бүгін Рио-де-Жанейрода өткен паралимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан құрамасы Астана әуежайына ұшып келген. Спортшыларды қарсы алғандардың арасында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да болған.

Рио-де-Жанейродағы 161 ел қатысқан паралимпиада ойындарына Қазақстаннан 11 спортшы барған. Бір алтын (100 метрге еркін әдіспен жүзуден Зүлфия Ғабидуллина алды) және бір күміс жүлде (пауэрлифтінгтен Раушан Қойшыбаева алды) ұтқан Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық көрсеткіш бойынша 58-орын алған.

XS
SM
MD
LG