Accessibility links

Сирияда атыс қайта жалғасты


Алеппода әуе шабуылынан қираған аймақ. 21 қыркүйек 2016 жыл.

Алеппода әуе шабуылынан қираған аймақ. 21 қыркүйек 2016 жыл.

Сирияның Алеппо және Хама қалаларының маңында Башар Асад пен оппозициялық қарулы топтар арасында қақтығыс болып жатыр.

Сирия басылымдарының жазуынша, 21 қыркүйек түнде Алеппо қаласының кіреберісінде қарулы топтар мен Асад әскері арасында атыс болған. Асад әскеріне Ресейдің әуе күштері көмекке келген. Сирия әскері Алеппо маңындағы зауыттардың бірін қиратқан.

Қыркүйектің 9-ы күні Женевада Джон Керри мен Сергей Лавров арасында жасалған келісімде Сирия үкіметі оппозиция күштеріне қарсы әуе шабуылы мен атысты тоқтатып, Алеппо қаласына гуманитарлық жүк жеткізу үшін жол ашуы тиіс екені, ал АҚШ пен Ресей террористік топтар туралы барлау мәліметтерімен алмасып, оларға қарсы әуе операцияларын үйлестіретіні айтылған еді.

XS
SM
MD
LG