Accessibility links

Жамбыл облысында мұнай базасындағы өрттен үш адам зардап шекті


Жамбыл облысының аумақтық картасы.

Жамбыл облысының аумақтық картасы.

Жамбыл облысындағы мұнай базасында бейсенбінің кешінде болған өрттен зардап шеккен үш жұмысшы ауруханаға түскен деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті.

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың сөзінше, Меркі ауданындағы мұнай базасында жанармай құйып жатқан кезде өрт шыққан. Оның айтуынша, өрт салдарынан теміржол цистернасы мен әрқайсысының сыйымдылығы 50 текше метр екі ыдыс жанған. Кейін жалын қойманың шатырын да шарпыған дейді Иманқұлов.

Мұнай базасындағы өрт бір сағаттың ішінде өшірілген.

XS
SM
MD
LG