Accessibility links

Қырғызстан президенті емін жалғастыру үшін Мәскеуге барды


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бүгіннен бастап Мәскеудегі ауруханада емделеді деп хабарлады жұма күні оның баспасөз қызметі. Қырғызстан президенті әкімшілігі мәлімдемесінде Атамбаевтың «бұған дейін оның денсаулығын тексеріп, жүрек сырқатын емдеген дәрігерлерден ем қабылдауды жалғастыру үшін» жұма күні Ресей президенті іс басқармасының Мәскеудегі орталық клиникалық ауруханасына барғаны айтылған.

Қыркүйектің 19-ы күні Атамбаевтың баспасөз қызметі Қырғызстан президенті жүрегі сыр беруі себепті БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке жоспарланған сапарын өзгерткені туралы хабарлаған. Атамбаевтың АҚШ-қа бара жатқан жолда – Түркияда өзін жайсыз сезінгені айтылған. Қырғыз ресми делегациясы Нью-Йоркке баратын ұшаққа ауысып мінбекші болған Стамбул әуежайынан Атамбаев түркиялық ауруханаға түскен. Президент баспасөз қызметі дәрігерлердің алдын-ала қорытындысы бойынша Атамбаевтың жүрегінде кінәрат бары анықталған.

Осы аптаның басында Қырғызстан президенті әкімшілігі Атамбаев қазанның 1-інде қызметіне оралуы мүмкін деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG