Accessibility links

Ақтөбеде мешіт қызметкерлерінің шағымы бойынша іс жабылды


"Нұрғасыр" мешітінің жұмысшылары Жасұлан Тойлыбаев, Нұрлыбек Мұқанов пен Әділбек Айтқайыр судьяның хатшысымен сөйлесіп отыр. Ақтөбе, 27 қыркүйек 2016 жыл.

"Нұрғасыр" мешітінің жұмысшылары Жасұлан Тойлыбаев, Нұрлыбек Мұқанов пен Әділбек Айтқайыр судьяның хатшысымен сөйлесіп отыр. Ақтөбе, 27 қыркүйек 2016 жыл.

Ақтөбе қалалық сотында бүгін облыстық "Нұрғасыр" мешіті қызметкерлерінің мешіт басшылығына шағымы бойынша азаматтық істі қарап, шешім шығарды. Судья Айгүл Абдуллина тараптардың өзара мәмілеге келгеніне байланысты азаматтық істі жапты. Жұмысшылар шағымында жалақыларының азайғанына наразылық танытып, сөзге келіп қалған мешіттің іс басқарушысынан моральдық шығын өтеп беруді сұраған.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, шағымданушылар Жасұлан Тойлыбаев, Нұрлыбек Мұқанов пен Әділбек Айтқайыр мешітте бу қазандығының операторы және аула сыпырушы болып жұмыс істеген. Жұмысшылар былтыр көктемде мешіттің бас имамы ауысқан соң жалақылары 5 мың теңгеге азайып қалғанын, бұған өздері наразылық танытып, мешіттің іс басқарушысы Бақыткерей Балкенмен сөзге келіп қалғанын айтады.

Бақыткерей Балкен сотта мешіт қызметкерлеріне "мешіттің қаржылық қиындықтары туралы айтып, мәмілеге келуді сұрағанын", аузынан бір ғана ерсі сөз шығып кеткенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, жұмысшылар сөзге келіп қалған соң бас имамға бармастан бірден сотқа жүгінген. Бірақ бүгінгі сотта жұмысшылар шағымдарын қайтарып алу туралы қарсы арыз бергендіктен іс жабылған.

Балкеннің айтуынша, Жасұлан Тойлыбаев жұмыста қалып, Нұрлыбек Мұқанов пен Әділбек Айтқайыр жұмыстан "өз еркімен" шығуға арыз берген.

Жасұлан Тойлыбаев сотта жалақы қарыздары өтеліп, өзара мәмілеге келгенін айтты.

XS
SM
MD
LG