Accessibility links

Сапарбаевты сотқа шақырмайтын болды


Астана қаласы Алматы аудандық соты, Астана, 27 қыркүйек 2016 жыл.

Астана қаласы Алматы аудандық соты, Астана, 27 қыркүйек 2016 жыл.

Астананың Алматы аудандық сотында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың астаналық белсенді Айдын Егеубаевтың үстінен түсірген шағымын қарап жатқан сотта талапкерді процеске шақыру жайы сөз болды.

Белсенді Егеубаевтың ресми өкілі Мақсат Ілиясұлы келесі сот отырысына шағымданушы Сапарбаевты шақыру туралы сұрау салды. Алайда судья Бағдагүл Бияхметова сот кезінде «Сапарбаевтың ресми өкілі Сағадат Әміренің жеткілікті» екенін айтып, жауапкер тараптың сұрауын қанағаттандырмады.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Айдын Егеубаевтың үстінен түсірген шағымы Астананың Алматы аудандық сотында бүгін қарала бастаған.

Сапарбаев шағымында Егеубаевты YouTube-те жариялаған видеода ар-намысыма нұқсан келтірді деп айыптап, өзіне қатысты мәліметтерді терістеуін және одан моральдық шығын ретінде 5 миллион теңге өндіріп беруді талап етеді. Видеода Шығыс Қазақстан облысындағы "Батуа" компаниясы жайлы айтылады. Мақсат Ілиясұлының сөзіне қарағанда, "2010 жылдары Сапарбаев облыс әкімі болып тұрған кезде 45 пайызы қытайлық бір компанияға тиесілі мекемеге жалға берілген 91 мың гектар жердің жартысынан көбін жекеменшікке беру туралы шешім шығарылған".

30 қыркүйекке белгіленген сот отырысына Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы «қытайлық үлесі бар компанияға жерді жеке меншікке беру туралы шешімге қол қойған» делінген жергілікті билік өкілдері жауап береді. Үржар ауданының бұрынғы әкімі, жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы және тағы екі шенеуніктен жауап аймақ соттарында алынбақ.

XS
SM
MD
LG