Accessibility links

Мәжіліс 2016-2018 жылдардың бюджетін өзгертуді мақұлдады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Парламент мәжілісі "2016-2018 жылдардың республикалық бюджеті туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Қаржы министрі Қуандық Бешімбаевтың айтуынша, республикалық бюджеттің кірісі бекітілген жоспардан 834,9 миллиард теңгеге, ал шығысы 379,9 миллиард теңгеге артық.

Жаңа жобада қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 70,2 миллиард теңге, оның ішінде діни экстремизм және терроризммен күреске 42,7 миллиард теңге бөлу қарастырылған.

Бюджетке жобасына өзгерістер енгізу елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының және салық түсімдері көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты жасалмақ. Жоба бойынша 2016 жылдың республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бешімбаевтың айтуына қарағанда, бюджет жобасына өзгерістер арасында мұнай баррелінің жылдық орташа бағасы 30 доллардан 35 долларға дейін ұлғайтылған. Металл бағасының индексі 2015 жылғы 15 пайыздан 12,7 пайызға төмендетілген. Ал доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 360 теңге күйінде қалған.

XS
SM
MD
LG