Accessibility links

Есеп: Малайзия ұшағын Ресейден әкелген «Бук» атқан


Malaysian Airlines компаниясының апатқа ұшыраған Boeing 777 ұшағының қайта құрастырылған қаңқасы.

Malaysian Airlines компаниясының апатқа ұшыраған Boeing 777 ұшағының қайта құрастырылған қаңқасы.

Халықаралық тергеу тобы 2014 жылы 17 шілдеде Malaysian Airlines компаниясының Украинаның шығысында қираған Boeing 777 ұшағын Ресейден Украинаға әкелген «Бук» қондырғысымен атқан деген қорытындыға келді.

Бүгін таңертең таныстырылған есепте зымыранның сепаратистер бақылауындағы Снежное қаласынан алты километр жерден атылғаны жазылған. Ұшақты сепаратистер өздері атты ма әлде Мәскеудің қатысы болды ма - есепте ол жайлы айтылмаған.

2014 жылы 17 шілдеде Malaysian Airlines компаниясының MH17 рейсі бойынша Куала-Лумпурден Амстердамға бет алған Boeing 777 ұшағы Украинаның шығысында сепаратистер бақылауындағы ауданда құлап, борттағы 298 адам түгел қаза тапқан. Былтыр Нидерланд қауіпсіздік кеңесі жариялаған есепте MH17 рейсін «ресейлік «Бук» кешені атып түсіргені» айтылған.

XS
SM
MD
LG