Accessibility links

Ақтөбе полициясы «базардағы атыс» хабарын терістеді


Полиция көлігі. Ақтөбе, 12 маусым 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Полиция көлігі. Ақтөбе, 12 маусым 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті «қаладағы базар маңында оқ атылды» деген хабарды жоққа шығарды.

Полицияның мәліметінше, орталық базар маңында бірнеше адамның топтасып төбелеспек болғаны туралы хабар түскен. «Оқиға орнына жеткен полиция төбелестің алдын алып, бірнеше күдіктіні ұстады» деді облыстық ішкі істер департаменті.

Қала тұрғындары 28 қыркүйек күні түс ауа Ақтөбедегі орталық базар жабылып қалғанын хабарлаған. «Қаланың ескі бөлігіндегі базарды арнайы жасақ қоршауға алып, екі жедел жәрдем машинасы келді. Сатушылар да, сатып алушылар да бас сауғалап тұра қашты. Кімді кім атып жатқанын да түсінбедік. Затымызды тастай қаштық. Аспанға оқатылды» дейді базар маңында сауда ажсап тұрған Зоя Сабирова есімді азамат.

Бірақ облыстық ішкі істер департаменті базар маңында оқ атылмағанын, күдіктілерден суық қару табылмағанын айтады.

XS
SM
MD
LG