Accessibility links

Ашраф Ғани мен Хекматияр бейбіт келісімге қол қойды


Гүлбиддин Хекматияр Кабулмен бейбіт келісімге қол қойғаны туралы видеода. Кабул, Ауғанстан, 29 қыркүйек 2016 жыл.

Гүлбиддин Хекматияр Кабулмен бейбіт келісімге қол қойғаны туралы видеода. Кабул, Ауғанстан, 29 қыркүйек 2016 жыл.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани мен "Хизб-и-Ислами" радикалды тобының (Ауғанстан ислам партиясы) жетекшісі Гулбиддин Хекматияр 29 қыркүйекте бейбіт келісімге қол қойды. Телеарнадан көрсетілген тікелей эфирде Хекматияр келісімге видео арқылы белгісіз жерде қол қойғаны көрінеді. Ашраф Ғани келісімге Кабулдегі резиденциясында қол қойды.

"Хизб-и-исламидің" қуғындағы жетекшісі Хекматияр "аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық болғанын қалайтын барлық ауғандықтарды" құттытады. Ол "Мен еліміздің тәуелсіз және егемен, бейкүнә әрі соғыстан қажыған ұлтымыз қақтығысты тоқтатып, біріккенін қалаймын" деді.

"Талибанның" өздері соғыс, я бейбітшіліктің қайсысын қалайтынын анықтайтын уақыты келді" деді Ашраф Ғани.

Келісім бойынша, Хекматиярге бұған дейінгі қылмыстарына рақымшылық жасалады және үкімет "Хизб-и-Исламидің" түрмеде отырған кейбір мүшелерін босатады. Ауғанстан үкіметі бұған қоса Хекматиярға салынған халықаралық санкцияны алып тастауға ықпал етуге келіскен. Сонымен қоса Хекматиярдың қауіпсіздігін үкімет есебінен қамтамасыз ету де қарастырылған.

"Хизб-и-ислами" тобымен келіссөз төрт ай бойы жүргізілген.

Құқық қорғаушылар 1990 жылдардағы азамат соғысында жасалған жантүршігерлік қылмыстарға жауапты деп танылған Хекматиярдың адам құқығын бұзуына қатысты алаңдаушылық білдірген.

"Хизб-и-Ислами" сонымен қатар 2001 жылы АҚШ Ауғанстанға басып кіргеннен бері америкалық және ауған күштеріне қарсы шабуылдар жасаған.

Кабул "Хизб-и-исламимен" келісім талибтерді шабуылын доғарып, саяси келісімге қосылуына түрткі болуы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG