Accessibility links

SOHR: Сирияда бір жылда Ресей шабуылынан 10 мыңға тарта адам мерт болды


Алеппоның көтерілісшілер бақылайтын Әл-Шаар ауданында тұрғындар әуе шабуылынан кейінгі құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сирия, 27 қыркүйек 2016 жыл.

Алеппоның көтерілісшілер бақылайтын Әл-Шаар ауданында тұрғындар әуе шабуылынан кейінгі құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сирия, 27 қыркүйек 2016 жыл.

Сириядағы соғыс барысын бақылайтын Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымы Ресей әскери-әуе күштерінің шабуылынан бір жылда 9 мыі 364 сириялық қаза тапқанын хабарлады.

Ұйымның 30 қыркүйектегі мәліметіне қарағанда, құрбандар арасында Сирия президенті Башар Асад билігіне қарсы соғысып жатқан көтерілісшілерден өзге 3 мың 804 бейбіт тұрғын, оның арасында 906 бала бар.

Syrian Observatory for Human Rights әуе шабуылдарынан "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының 2 мың 746 содыры және өзге исламшыл топтардың 2 мың 814 мүшесі мерт болғанын айтады.

Ресей осыдан бір жыл бұрын - 2015 жылы 30 қыркүйекте Башар Асад күштерін қолдау мақсатында Сирияда әуе шабуылдарын бастаған.

Оппозицияшыл белсенділер Ресейді соңғы екі аптада Алеппо маңында оппозицияшыл көтерілісшілерге қарсы әуе шабуылын жасап, одан 200-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапқанына айыптайды.

XS
SM
MD
LG