Accessibility links

Сирия армиясы Алеппоға шабуылын жалғастырды


Алеппо көшелерінде жүрген Сирия үкіметінің әскері. 30 қыркүйек 2016 жыл.
Алеппо көшелерінде жүрген Сирия үкіметінің әскері. 30 қыркүйек 2016 жыл.

Сириялық белсенділер Сирия үкіметі әскері ресейлік әскери-әуе күштерінің қолдауымен Алеппоға әуе шабуылын жалғастырғанын хабарлады. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметіне қарағанда, үкімет әскері мен әскериленген топтар Алеппоның солтүстігіндегі территорияны басып алған. Ұлыбританияда орналасқан ұйымның хабарлауынша, кескілескен ұрыс қаланы екіге бөліп жатқан майдан шебінде жүрген.

"Ресей үкімет әскерін қолдап, Алеппоға әуе шабуылын үдетті" деді ұйым жетекшісі Рами Абдель Рахман.

БҰҰ бас хатшысының орынбасары Стивен О'Брайен "Алеппоның шығысына аяусыз шабуыл жасалып жатқанына қатты алаңдайтынын" мәлімдеген. Қалада 275 мыңға жуық адам қоршауда қалған. О'Брайеннің сөзіне қарағанда, Алепподағы денсаулық сақтау жүйесі толықтай күйреген. Қалада дәрі-дәрмек қатты тапшы.

1 қазанда медициналық қайырымдылық ұйымы Алеппоның шығысында Ресей мен Сирия әуе күштерінің шабуылынан соң екі адам қаза тапқан соң жергілікті аурухана жұмысын тоқтатуға мәжбүр болғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG