Accessibility links

АҚШ Ресеймен Сирияға қатысты келіссөзді тоқтатпақ


Джон Кирби, АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі.

Джон Кирби, АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі.

АҚШ Ресеймен Сириядағы қақтығысты шешу жөніндегі келіссөзді тоқтататынын мәлімдеп, Мәскеуді "қақтығысты тоқтату жөніндегі келісім бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындамай отыр" деп айыптады.

"АҚШ Ресеймен бітім орнату режимін қолдау үшін құрылған екіжақты байланыс арналарына қатысуды тоқтатады" деді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джон Кирби. Ол мұндай шешім оңай қабылданбағанын да айтты.

Кирби Мәскеу мен Дамаскіні бейбіт тұрғындар тұрып жатқан аудандарға шабуылды күшейтті деп айыптады. "Бейбіт тұрғындар орналасқан аудандарға шабуылдардың күшеюі Ресей мен Сирия билігі әскери іс-қимылды дұрыс көргенін байқатады. Шабуылда гуманитарлық көмектің жеткізілуіне кедергі жасау үшін өмірлік маңызы бар нысандар, әсіресе ауруханалар нысанаға алынып жатыр" делінген мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде.

Вашингтон бітім сақталған жағдайда әскери және барлау операцияларын үйлестіретін ресей-америка орталығын құруға жіберген қызметкерлерін қайтарып алмақ ниетте. Ресей сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың бұл шешіміне өкініш білдірді. Министрліктің баспасөз хатшысы Мария Захарова Вашингтонды "бітім туралы келісімнің басты шарттарын орындамады" деп айыптады.

XS
SM
MD
LG