Accessibility links

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды


Қазақстан әскері (Көрнекі сурет).
Қазақстан әскері (Көрнекі сурет).

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, бұл науқанда қарулы күштер қатарында борышын өтеуге 1989-1998 жылы туған қазақстандық ерлер шақырылады. Бірақ нақты қанша адамды әскерге алу жоспары жарияланбаған. Әскерге шақыру комиссияларының жұмысы президенттің 2016 жылдың 6 сәуіріндегі бұйрығы бойынша 1 қазанда басталған.

Бұйрық бойынша, әскери борышын өтеуге 18-27 жас аралығындағы, әскерден босау немесе кейінге қалу құқығы жоқ, оқу орындарын аяқтаған, жасы 27-ге толмаған және әскерде арнайы шақыру бойынша қызмет етпеген ерлер шақырылады. Күзгі әскерге шақыру науқаны желтоқсанға дейін созылады.

"Әскерге шақырылғандарды әскери бөлімдерге бөлгенде олардың әскерге дейін алған мамандықтары ескеріледі" делінген қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.

XS
SM
MD
LG