Accessibility links

Франция Ресей мен АҚШ-ты Сирия жөніндегі жаңа қарарды қолдауға шақырады


Ресей және Франция сыртқы істер министрлері Сергей Лавров (сол жақта) пен Жан-Марк Эйро. Париж, 29 маусым 2016 жыл.

Ресей және Франция сыртқы істер министрлері Сергей Лавров (сол жақта) пен Жан-Марк Эйро. Париж, 29 маусым 2016 жыл.

Франция Сириядағы қақтығысты тоқтату және Алеппоға гуманитарлық көмек жеткізілуін қамтамасыз ету жөніндегі қарарының жобасын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қабылдатуға ұмтылып жатыр.

Франция сыртқы істер министрі Жан-Марк Эйро Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жаңа қарарын қолдауға көндіруге тырысатынын айтты. Эйроның сөзіне қарағанда, ол Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа Алепподағы жағдай мүлдем нашарлағанын және бұдан ары жалғастыруға болмайтынын мәлімдемек.

Ресей сыртқы істер министрлігі министр Сергей Лавровтың 6 қазанда Мәскеуде Франция сыртқы істер министрі Жан-Марк Эйромен кездесетінін растады. Кремль Сириядағы қақтығысқа қатысты Ресей мен Батыс елдері арасындағы шиеленіс күшейе түскен тұста өтетін келіссөздің бағдарламасын жариялаған жоқ.

Франция сыртқы істер министрі Жан-Марк Эйро 7 қазанда АҚШ билігін қарарды қолдауға көндіру үшін Вашингтонға барады. АҚШ қазанның басында Ресеймен Сириядағы қақтығысты тоқтату жөніндегі келіссөзден шығатынын мәлімдеп, "Мәскеу қыркүйекте жанжалды тоқтату және гуманитарлық көмектің қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз ету туралы келіссөз бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындамады" деген.

XS
SM
MD
LG